Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем - всем учителям, уроки


Содержание:


Күні: 27.01.2016

Сынып: 8 Ә Пән: қазақ тілі

Мұғалім: Кайданова А.Х.

Тақырыбы:

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем. Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың салалас құрмаластың түрлері бойынша білімдерін қайталау, себеп-салдар салалас жайлы түсінік беру. Қазақтың ұлттық ойындарын еске түсіру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдістер

Сұрақ- жауап, «Қабырға газеті»әдісі, жаттығу, талдау, «Шеңбер бойынша хат»

Көрнекілігі

Оқулық, маркерлер, бағалау парағы, қағаздар түсті,слайд

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат, сыныпты түгендеу.

Мұғаліммен сәлемдеседі, кезекші сыныпта жоқ оқушыларды айтады.

Психологиялық ахуал

«Құбыр» жаттығуы

Оқушыларға А4 форматтағы парақшаларды таратамын. Оқушылардың жасаған құбырынан шарды жөнелту.

Топқа бөлу.

Сыныпта ортаға шығып қағаздан құбыр жасайды.

Құбырдың артында берілген суреттер арқылы ІІ топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Эссе. (үш бала жазғанын оқиды)

«Суреттер сыры»

Экранда берілген суреттердің астында сұрақтар жасырамын.

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

  3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  4. Салаластың неше түрі бар?

  5. Ыңғайлас с.қ.с.туралы айт.Жалғаулықтарын ата.

  6. Қарсылықты салалас қ.с.дегеніміз не?

  7. Олар қалай жасалады?

Слайдтағы суреттерді баса отырып, оның ішінен шыққан сұрақтарға кезекпен жауап береді. Жетекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

ІІІ.Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Балалар осы тақтада берілген суреттерге қарап не айтуға болады? Ұлттық ойындар деп қандай ойындарды айтамыз? Бүгінгі сабағымызда біз салалас құрмалас сөйлемнің бір түрі-себеп салдар салаласпен және ұлттық ойындармен танысамыз.

Балалар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.Дәптерлеріне күн мен тақырыпты жазып қояды.

Мағынаны тану.

«Қабырға газеті»

Тақтада бейнебаян көрсетіледі

1 қадам.Оқушыларға түсінгендері бойынша қабырға газетін жасау тапсырылады.

2 қадам.

Оқушылар бейнебаянды тамашалайды.

Түсінгендері бойынша қабырға газетін жасайды.

Жасаған қабырға газеттерін екінші топқа апарып, өздері толықтырады, қорғайды.

Бейнебаян

Оқушыларға «Ұлттық ойындар тақырыбында бейнебаян ұсынылады»

Тамашалайды.

Мәтінмен жұмыс.

ІІ топқа ұлттық ойынға қатысты мәтін таратылады. Мәтін бойынша тапсырмалар беріледі.

І. Мәтін мазмұнын айту.

ІІ.Салалас құрмалас сөйлемдерді тауып оқиды.

Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып, себеп салдар салалас сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдайды.

Сергіту сәті.

Ұлттық ойын ойнатады. Шартын түсіндіреді. «КӨТЕРІП КЕТ»ойыны.

Ойыншылар екі-екіден арқаларын бір-біріне тақап жүрелеп отырып, қолдарын шынтақтан айқастырып ұстайды. Мұғалім: «1,2,3, ауылым менің жайлауға көш» дегенде, екеуі де алға қарай еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп тұрып кетуге тырысады. Қарсыласын көтеріп кеткен ойыншы жеңген болып есетеледі.

Жаттығу жұмысы

Ұлттық ойынға байланысты сөйлемдер беріледі.

І.Сөйлемнің сыңарын тауып жазады.

ІІ.Сөйлемдердің ішінен себеп мәнді сөйлем бірінші тұрған салаласты бөлек, салдар мәнді сөйлемі бірінші тұрған сөйлемді бөлек жазады.Әр топтан бір оқушыдан шығып кез- келген салаластың түріне талдау жасайды.

Сабақты қорытындылау

«Шеңбер бойынша хат»

Қалың және жұқа сұрақтар

Оқушылар шеңбер бойынша бір-біріне парақты жылжыта отырып хат жазады. Оқиды.

Бағалау

Тақтаға оқушы білімін бағалау үшін үлкен бағалау парағы ілінеді. Топтағы экспертке сабақтың әр кезеңі сайын тобындағы оқушыларды бағалап отыру тапсырылады.

Топтағы эксперт сабақ бойы оқушы білімін бағалап отырады.

Эксперт өзін-өзі және тобын бағалайды.

Үйге тапсырма

жаттығу, себепсалдар салалас пен түсіндірмелі салаласты салыстыру

Күнделікке үй жұмысын жазады

Рефлексия

Түсіндім. Қиын болды. Сұрағым бар. кестесін толтыру

Парақшаларын толтырып,тапсырады

Қазақ мектеп- гимназиясы

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Себеп –салдар салалас құрмалас сөйлемдер»

Мәтін:

«Қыз қуу» қазақ халқының ұлттық ойыны, себебі осы ойынды қазақ ұлты ғана ойнайды.

Асық ойыны — қазақхалқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі –мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйкетүсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса бере

ыз қуу (әз. qız qov; қыр. кыз куумай; башқ. ҡыҙҡыуыу) — өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.

Бұл сияқты ескі әдет әлдеқашан ұмыт болды. Қазіргі қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтың спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт. [1]

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қыстыгүні ойналып жатқан көкпар

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентинахалқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.

Источник: https://kopilkaurokov.ru/vsemUchitelam/uroki/siebiep_saldar_salalas_k_u_rmalas_soiliem


Опубликовано: 11.02.2018 | Автор: togukadree

Рейтинг статьи: 5

Похожие статьи


Всего 5 комментариев.


18.02.2018 gopelening68:
Школьные знания.com это сервис в котором пользователи бесплатно помогают друг другу с учебой, обмениваются знаниями, опытом и взглядами.

05.04.2018 Аггей:
Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, (себебі, сондықтан, сол себепті, өйткені, неге десеңіз) жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады. Мысалы.

02.03.2018 Калерия:
Себеп салдар құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрін себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дейді.

06.03.2018 Аполлон:
Образовательный портал Мегамозг. Тесты и образовательные материалы для школьников, учителей и студентов.

04.03.2018 conlutinomb84:
Себеп –салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады. Мысалы: Жұмысты бастап бару.

19.02.2018 tetushand1965:
салдар салалас курмалас сойлем мысалы, себеп салдар салалас курмалас сойлем, Қазақша презентация (слайд): Себеп  себеп салдар салалас курмалас сойлем ашык сабак, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем сабақ жоспары.